Методолог/куратор на образовательную платформу
«Ustaz tilegi» - Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы
Біздің компания мұғалімдерге біліктілігін арттыруға, өзінің авторлық материалдарымен бөлісуге көмектеседі. Мұғалімдер біз ұйымдастыратын курстарға, жарыстарға, конференцияларға қатысады. Біздің сайтта мұғалімдер өзіне керекті ашық сабақ, презентация, көрнекіліктерді іздейді, жариялайды, басқаларға сата алады. Сайтта күнделікті 20-30 000 жуық педагог қолданады.
Сіздің басты міндетіңіз:
Курстардың авторларымен бірге біздің талапқа сай курс бағдарламасын құрастыру, видео, конспект тесттерді дұрыс жасауын қадағалап, платформаға енгізу. Курсқа қатысушыларға куратор ретінде қолдау көрсету. Басқа кураторларды, тренерлерді қадағалау. Курсқа қатысушылардың ақпараттарын Оқу-ағарту министірлігіне тізім бойынша өткізіп отыру.
Міндеттері:
- Педагогтарды оқыту және оларға кеңес беру. (Тренерлермен бірге)
- Видеограф, дизайнер, курс авторы, тренерлермен бірге жоғары сапалы курстарды түсіруді бақылау
- Курс бағдарламасын біздің талапқа сай болуын қадағалап, дұрыстап отыру.
- Курстарды платформаға енгізу, отзывтарға байланысты үнемі толықтырып отыру
- Курсқа қатысушылардың тізімін Оқу-ағарту министірлігіне тізім бойынша өткізіп отыру (арнайы платформада)
Біліктілік және кәсіби талаптары:
- Педагогика, психология немесе тиісті мамандық бойынша жоғары педагогикалық білімі болу керек.
- Білім беру саласында кем дегенде 1-3 жыл еңбек өтілі бар (мектепте, колледжде немесе әдістемелік қызметте). Маманның резюмесіне қарай пед.өтілінің жоқ болуы ескеріледі.
- Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, педагогтермен жұмыс жасау тәжірибесі бар.
- Педагогикалық ұжымдағы әдістемелік жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру.
- Педагогикалық нұсқаулықтар мен семинарларды дайындау.
- Заманауи оқыту технологиялары мен әдістерін білу және оларды білім беру үдерісінде қолдана алу.
- Білім беру стандарттары мен нормативтік құжаттарды түсіну және оларды іске асыру.
- Педагогикалық ұжымды ынталандыру және кәсіби даму мақсатында бағыттау.
- Педагогикалық ұжыммен, командамен және білім беру органдарымен тиімді қарым-қатынас орнату.
- Презентация және баяндама жасау қабілеті.
- Сабақ сапасын бақылау және талдау.
- Педагогикалық қызметтің нәтижелерін бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Жеке қасиеттер:
- Шығармашылық және инновациялық ойлау.
- Жауапкершілік және ұқыптылық.
- Стресс жағдайларында жұмыс істей білу.
- Тәртіп пен кәсібилік.
Шарттары:
- Жайлы офис БЦ Алтын заман.
- Тұрақты жұмыс, мықты команда
- Жоғары жалақы (оклад + бонус)
- Жұмыс уақыты: 10:00 - 18:00 6/1 Сенбі 10:00 - 16:00; Жексенбі демалыс.
- Жұмыс тек офлайн, офисте істеу керек
Обслуживать клиентов: работать со счетами, пластиковыми картами и денежными переводами. Продавать банковские и страховые продукты (кредитные продукты, карты, вклады).
Обслуживать клиентов: работать со счетами, пластиковыми картами и денежными переводами. Продавать банковские и страховые продукты (кредитные продукты, карты, вклады).